”БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ АТА-АНА"
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж əкімшілігінің қолдауымен Отбасы күніне орай "Баланың бас ұстазы - ата ана" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ақтау қаласы əкімдігінің аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Райса Маденова, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау әмбебап кітапханасының бөлім басшысы Гүлшат Сәрсенбаева, Германиядағы Кеңес əскерінің тобы жəне Варшава келісім шарты əскерлерінің тобы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері Жүсіп Мырзағали мен Узақ Дүсенбай жəне колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Жиында ұлағатты рухани бағыттағы əңгімелер айтылды. Ұстаз Райса Иванқызы өзінің өнегелі өмір жолын жастарға жан жақты таныстырды. Гүлшат Сәрсенбаева да атақты жазушы Зейнеп Ахметованың кітаптарындағы ұлағатты тұстарын ортаға салды. Ардагер ағалар да өздерінің тағдыр жолын айтып өтті. Жиын барысында жастар өздерінің сауалдарын қойып тұщымды жауаптарын алды. Жиынды ұйым төрағасы Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды. Шара аясында отбасыға қатысты белгілі жазушылардың шығармалары қойылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шара жоғары дәрежеде өтті. #отбасымбайлығым #отбасықұндылықтары #кітапоқудыңпайдасы #отбасыжәнекітапхана
6-шілде - Елордамыздың туған күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі "Астана - еліміздің жүрегі" атты кітап көрмесін қарт Каспийдің ...
Ұлттық домбыра күні аясында "Домбыра күні - ұлттың үні" атты әдеби-сазды кешіміз көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас - құнды қазына, киелі ...
6-маусым күні облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінің "Дүниежүзілік тіршілік өрісін қорғау" күніне байланысты "Орман мен су табиғаттың ...
Облыстық кітапханасының балалар бөлімі 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шарасын өткізді. ...
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін ...
Бүгін 24 мамыр күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінің "Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру мен ...
ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов есіме түседі.» Саламат Мұқашев Кітапханамызда белгілі комсомол, партия, ...
12-мамыр күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық белгілі кинорежиссер, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Күләш ...
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 78 жыл толады. Бұл ...
03-04.05.23 ж. облыстық кітапханасында жас маман кітапханашыларына кезекті сабақтар өткізілді. Мақсаты: Веб РАБИС бағдарламасының модульдерімен ...